Ақпарат » Страница 10 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік-тұғырым!" тәрбие сағаты
12
декабрь
2023
"Тәуелсіздік-тұғырым!" тәрбие сағаты
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді. Негізгі мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, білім алушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу болып табылады.
Желтоқсан куәгерлері
11
декабрь
2023
Желтоқсан куәгерлері
9 желтоқсан күні мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан қаhармандарына аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және №173 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің  қатысуымен  спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара білім алушыларымыздың концерттік бағдарламасымен ашылып, спорттық жарыстармен жалғасын тапты.
Құттықтаймыз!
08
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің волейболдан ұлдар командасы Әуезов ауданы бойынша ұйымдастырылған жарыста 1 орын иеленіп, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Серікбаев Бақытбек ағайымыз Спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз💐
Құттықтаймыз!
08
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектеп Президенті Жанат Әкежан «МЕН-КӨШБАСШЫМЫН!» атты білім беру ұйымдарының  мектеп және студенттік  парламенттері көшбасшыларының қалалық слеты аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік көрмесіне (табысты тәжірибе) белсене қатысқаны үшін марапаттау грамотасына ие болды. Жетекшісі: Ережепова Алтынай Бахытқызы
Көркем еңбек пәнінен өткізілген ашық сабақтар
06
декабрь
2023
Көркем еңбек пәнінен өткізілген ашық сабақтар
Көркем еңбек пәнінен мектебімізде қыздарға арналған тақия тігу және сурет байқаулары өткізілді. Пән мұғалімі: Мақұлбек Ж.
"Жас мамандар" сайысы
05
декабрь
2023
"Жас мамандар" сайысы
Мектебімізде жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Жас мамандар» байқауы өткізілді. Байқау 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы: БАС ЖҮЛДЕ- Қанат Рауан 1 орын- Әбдіғапар Аружан 2 орын- Ережепова Алтынай 3 орын- Оңалбек Айнұр, Айтбай Назерке
"Әкені көріп ұл өсер"
04
декабрь
2023
"Әкені көріп ұл өсер"
Мектебімізде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" бағдарламасы аясында бастауыш сынып әкелері арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды мектеп өміріне араластыру. Мектеп жасындағы  балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата - аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін,
«Асық ату» жарысы
01
декабрь
2023
«Асық ату» жарысы
Мектебіміздің 20жылдығына орай ұйымдастырылған «Асық ату» жарысында 1 орын Ермұқан Нұрасыл және 3 орын иеленген Талғатбек Нұрдәулетті құттықтаймыз!
«Заттар қандай болады?» тақырыбында ашық сабақ
30
ноябрь
2023
«Заттар қандай болады?» тақырыбында ашық сабақ
4 Б сыныбында жаратылыстану пәнінен «Заттар қандай болады?» тақырыбында керемет,күшті ашық сабақ өтті. Білім алушылар өз білімдерін көрсете алды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Өткізген Жакупова Алмагуль Серикбаевна