Ақпарат » Страница 7 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас мамандар семинары
26
январь
2024
Жас мамандар семинары
Жас мамандар семинары Тақырыбы: “Қиын оқушымен жұмыс” Мақсаты: Тәрбиесі қиын және қиынға бейім оқушылармен жұмыс жүргізуді үйрету. Міндеті: Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу. Осы тақырыпта жас мамандармен бірге семинар өтті.
Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары
25
январь
2024
Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары
География пәнінің мұғалімі  Бекбатырова  Райхан  Буракуджаевна география пәнінен 9  «Е» сынып окушыларына «Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Элементтердің табиғи топтары
24
январь
2024
Элементтердің табиғи топтары
Химия пәнінің мұғалімі Канаева Ғ.С. химия пәнінен 8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді.  Сабақта барлық оқушылар белсенділіктерін танытып отырды. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  білім алушыларды сабақ тақырыбына сәйкес топтарға бөлді. Білім алушылар бір-біріне сәттілік тілеп, өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жүйке жүйесінің бөлімдері
23
январь
2024
Жүйке жүйесінің бөлімдері
Биология пәнінің мұғалімі Ынтымақ Назерке Батыржанқызы биология пәнінен 7 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақта барлық оқушылар белсенділіктерін танытып отырды. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  білім алушыларды сабақ тақырыбына сәйкес «Жасырынған сандар» әдісі бойынша топқа бөлінді. Білім алушылар бір-біріне сәттілік тілеп, өткен сабақ бойынша «Wordwoll» сұрақтарға жауап берді.
№2 Кіші Педагогикалық кеңес
22
январь
2024
№2 Кіші Педагогикалық кеңес
Мектебімізде №2 Кіші Педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 2024 жылы сәуір айында мектеп мемлекеттік аттестаттау тізіміне енгендігі туралы Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 10.11.2023 жылғы №629  бұйрығымен және мектепішілік 17.01.2024 жылғы  №13 бұйрығымен таныстыру ҚР Оқу-ағарту министрінің 5.12.2022 жылғы мемлекеттік ұйымдарды аттестаттау туралы №486  бұйрығы негізінде өзін-өзі бағалау өлшемшарттары туралы айтылып, шешім шығарылды.
«Көңілді үзіліс»
19
январь
2024
«Көңілді үзіліс»
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің 10 күндігі аясында қоңырау уақытында білім алушыларға білімдерін шыңдайтын қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушылардың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын, ұйымшылдығын арттыру. Бұл көңілді сергітіп, жаңа күйге және көңілді көтеру үшін өте қажет.
«Жасанды интеллект»
18
январь
2024
«Жасанды интеллект»
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне орай Жақсыбаев Ерғанат ағай география, биология, физика және химия пәні мұғалімдеріне «Жасанды интеллект» тақырыбында сапалы сабақты жоспарларлау, мұғалімнің уақытын үнемдеу мақсатында Chat gpt, D-ID платформаларын пайдалануды үйретті.
Құттықтаймыз!
17
январь
2024
Құттықтаймыз!
17 қаңтар күні Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылатын «Жігіт сұлтаны-2024» аудандық байқауы өткізілді.  Мектебіміздің намысын байқауда Жанат Әкежан қорғап, жүлделі 3 орынды иеленді. Әкежанды шын жүректен құттықтаймыз!💐
"Буллинг  және  кибербуллинг:  алдын алу  әдістері  мен  күресу  жолдары"
16
январь
2024
"Буллинг және кибербуллинг: алдын алу әдістері мен күресу
Мектебімізде жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту мақсатында "Буллинг  және  кибербуллинг:  алдын алу  әдістері  мен  күресу  жолдары" тақырыбында 5-сынып қыздары арасында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өткізілді.
«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік!»
15
январь
2024
«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым
15-қаңтар ғылыми-жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік!» атты апталықтың ашылуы өткізілді. Бұл апталықтың негізгі мақсаты білім алушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу.