Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас мамандар онкүндігі
13
декабрь
2021
Жас мамандар онкүндігі
2021 жылы 29.11-08.12 аралығында жас мамандар онкүндігі болып өтті. Бекітілген жоспар бойынша 12 ашық сабақ, 9 сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Онкүндіктің соңында 5 кезеңдік жас мамандар байқауы болды. Апталықта жоспарланған жұмыстар уақытында, аса жауапкершілікпен өтті. Әр сабаққа, сыныптан жұмыстарға сол сәтте талдау жасалынып, бағасы берілді. Жас маман жетекшісі: Көпбаева Ж.О @edu.almaty  View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей 173 (@173_school_lyceum)
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
11
декабрь
2021
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
Қалалық "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауына мектебіміздің ардагер ұстазы Ақмарал Шатемірқызы бақ сынасып 3 орынды иеленіп келді. Шығармашыл ұстазға мектеп ұжымы шын көңілмен тілек білдіреді. View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей 173 (@173_school_lyceum)
Жүлделі орындарды алған ұстаздарымыз
10
декабрь
2021
Жүлделі орындарды алған ұстаздарымыз
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің VIII Халықаралық шығармашылық байқауына мектебіміздің ұстаздары қатысты. Жүлделі орындарды алған ұстаздарымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Арнайы дипломмен марапатталған ұстаздарымыз: САҒЫНДЫҚ АРНҰР-математика пәнінің мұғалімі Урпежанова Жупар Ганиевна-математика пәнінің мұғалімі Жеңістеріңіз құтты болсын! View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей
«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»
09
декабрь
2021
«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»
173 мектеп-лицейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» онкүндігі басталды. Патриоттық-танымдық іс-шара Тәуелсіздік тарихы және Қазақстанның қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ерен еңбегін айшықтау, жастарды отансүйгіштікке баулу, тарихи құндылықтарды қастерлеу  мақсатында қолға алынған. @edu.almaty View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей 173
Біздің мақтанышымыз!
08
декабрь
2021
Біздің мақтанышымыз!
Алматы қаласында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген республикалық байқауға мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушысы Әлібек Тұнық қатысып, БАС ЖҮЛДЕмен Халықаралық байқауға жолдама алған болатын. Енді міне, оқушымыз Халықаралық байқаудан ІІІ ОРЫНды иеленіп келді. Құтты болсын!💐 Жетекшісі: Абилкасымова Айна View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей 173 (@173_school_lyceum)
«Елбасы – елдің тірегі!»
07
декабрь
2021
«Елбасы – елдің тірегі!»
https://www.instagram.com/p/CW8XCGLsBxB/?utm_source=ig_web_copy_link 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдің тірегі!» атты сынып сағаты өткізілді. Оған барлық сыныптағы оқушылар қатысты. Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»
06
декабрь
2021
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»
View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей 173 (@173_school_lyceum) Жас мамандар апталығында өткізілетін іс-шаралар жоспары Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқыл педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту
"Мектеп зорлық-зомбылықсыз аймақ па?"
06
декабрь
2021
"Мектеп зорлық-зомбылықсыз аймақ па?"
29 қараша күні 9 сыныптар арасында "Мектеп зорлық-зомбылықсыз аймақ па?" тақырыбында пікірталас сайысы өтті. Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. View this post on Instagram A post shared by Школа-лицей 173 (@173_school_lyceum)  
"Жалынды жастар-жарқын болашақ!"
03
декабрь
2021
"Жалынды жастар-жарқын болашақ!"
Мектебімізде 29.11-08.12 аралығында өткізілетін "Жалынды жастар-жарқын болашақ!" атты жас мамандар онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Жас мамандар өздерінің ұстаз туралы өлеңдерімен жиынды ашып, "Ұстазым" әнімен салтанатты кешті аяқтады. Жиын соңында жас мамандар жетекшісі Көпбаева Жанар Ордабекқызы онкүндік кезінде өткізілетін іс-шаралармен тыныстырып, мектеп ұжымын құрметпен шақырды.
ҰБТ - 2022жыл.  Негізгі өзгерістер.
01
декабрь
2021
ҰБТ - 2022жыл. Негізгі өзгерістер.
Алдыңғы апта инстаграм тікелей эфирге 100 ге жақын ата-ана және оқушы қатысыпты. Демек бұл тақырыптар сіздерді қызықтырады. Ол тікелей эфирде біраз сұрақтар қойылды, біраз мәліметтер айтылды. Бұл жолы одан жақсырақ, пайдалырақ болатындай өткізейін деп отырмын, өйткені инстаграм парақшада емес, ZOOM платформасында болады. Қандай артықшылықтары бар? Біріншіден, кез-келген қатысушы микрафонын қосып сұрақ қоя алады. Кәдімгідей бір вебинарда отырған сияқты эмоция болады. Алдыңғы эфир сияқты