Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сыныптарында ашық сабақтар
23
ноябрь
2023

Бастауыш сыныптарында ашық сабақтар

3 “Ә” сыныбында жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ  өтті.Сабақ тақырыбы “Асқорыту жүйесі”.Сынып жетекшісі- Уркимбаева Жанар Токтасыновна. Сабақ барысында оқытушы сыныпты 4 топқа бөліп, топтық және жұптық жұмыс жүрді. Сонымен қатар, жаңа тақырыпқа сай бір зерттеу және бір тәжірибе жұмысын балаларға жасап көрсетті. Оқушылар бар ынтасымен оқу үдерісіне ат салысты.
3 А сыныбында қазақ тілі пәні бойынша  ашық сабақ өтті.Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.”Фонарик” әдісі арқылы 3 топқа бөлініп, “Көгершіннің хаты”” әдісі арқылы жұптық жұмыс жасады. “Жұмыртқа аршу” әдісі арқылы сабақты қортындылады.Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысты.Қолдарындаға Smart сағатпен өздерін бағалап отырды.Кері байланыс “Айфон” әдісі қолданылды.
2 “В” сыныбының жетекшісі Жақсылықова Бақыт математика пәнінен “Жүздік. Жүздіктермен санау. Жүздіктерді қосу және азайту” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ортақ тақырып мектепке саяхат жасай отырып, сабақта жұптық, ұжымдық, жеке  жұмыстар жасалды. “ Кел ойнайық” “Бәйге” “Жүздіктермен сауда” әдіс- тәсілдері қолданылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: