Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым - Желтоқсан! » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым - Желтоқсан!
09
декабрь
2020

Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым - Желтоқсан!

Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым - Желтоқсан!

Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар намысына айналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүнежүзіне танымал еткен 1986 жылғы оқиға екені бәрімізге мәлім. Содан бері арада қанша жылдар өтсе де, желтоқсанның ызғары - әрбір қазақтың бойын суық мұздай қарып, жанын жаралап, ұмытылмас тарихы терең оқиғаға айналған еді.
Сондықтан да бұл оқиға қазақ тарихындағы ақтаңдақтардың бірегейі десек артық айтқандық емес. Осыған орай Алматы қаласы, Әуезов ауданы №173 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі Жапарова Жамал Бауыржанқызының ұйымдастыруымен «Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым – Желтоқсан!» тақырыбында 10 сынып оқушыларын қатыстыра отырып, еркіндік пен бостандық үшін күрескен, желтоқсан оқиғасының куәгерлері- Кежалиева Гулжамал Сабырханқызы, Абдрақбаев Даулен Жапарқұлұлымен онлайн кездесу сабағы өтті. Кездесу барысында оқушылар тағлымы терең тарихи оқиға желтоқсанның өшпес іздері мен намыс туын жалау қылып көтерген ұл - қыздардың қайтпас қайсарлығы мен ерлігіне тәнті болды. Тәуелсіздік , Ата - бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік! Сол арманның орындалуына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жол салған еді, - дейді кешегі өткен күннің ызғарлы қанды оқиғасын көзіне жас ала отырып, еске алған кеш қонағы Гулжамал Сабырханқызы. Бүгінде еліміз өз алдына егеменді ел болып, шаңырағын биікке көтерді. Олай болса, болашақ еліміздің іргесі мықты болуы жас ұрпақ сендердің қолдарыңда. Ол үшін білімді, тәрбиелі, Отанын , елін, жерін сүйетін, құрметтейтін ұрпақ болып өсуіміз қажет. Тәуелсіздіктің ақ таңы атып, еңсесі биік елімнің бүгінде көк туы көк аспанда желбіреп тұрғаны көңілге қуаныш сыйлайтыны қуантады деп , кездесу қонағы тарих пәнінің мұғалімі Даулен Жапарқұлұлы сөз соңын өзінің арнау өлеңімен тәмамдады.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік - еркіндіктің аспаны.
Тәуелсіздік - қазағымның ақ таңы.
Сан ғасырлар құлдық бұғау шешіліп.
Тәуелсіздік сенен бастау бастады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: