Әкімнің гранты » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2021

Әкімнің гранты

                                          «Әкімнің гранты»


Педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін көтермелеу және кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында Басқарма гранттарды тағайындау бойынша конкурс өткізеді. Осы конкурс туралы жеке ұжымға айтылды.  Наурыздың 25 күні Алматы қаласы Әуезов ауданы «№173 мектеп-лицей» КММ-нде мектепішілік  «Әкімнің гранты» байқауының  І кезеңі өтті.                    

 «Әкімнің гранты» байқауы «Ғылыми әдістемелік» кеңесінің  отырысында қаралып, хаттама толтырылып, байқаудың қатысушыларын бағалау үшін мектепішілік бұйрығымен бекітілетін  конкурстық комиссия құрылды.

      Байқауға  2 педагог қызметкерлер қатысты. Олар: Исрапова Мадина Ахметкалиевна-математика пәнінің мұғалімі, Копбаева Жанар Ордабековна-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мектепішілік «Әкімнің гранты» байқауына 2 педагогтың портфолиосы тексеріліп, байқаудың талаптарына сай көрсетілген ереже бойынша  өткізілді. Алматы қаласы әкімдігінің   2020 жылғы 19 мамырдағы  № 2/161 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес әзірленді

          Мектепішілік  «Әкім гранты»  байқауының  жеңімпазын анықтау үшін қатысушылар  келесі құжаттарды  ұсынды. 1.Тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес, Ұйымдастыру комитеті төрайымының атына жазылған өтінім;

2.Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес байқауға қатысушы портфолиосы «Мұғалімнің кәсіби жетістіктері»

а) Педагогтің кәсіби құзіреттілігін дәлелдейтін құжаттар

ә) Педагогтің қаланың, республиканың білім саласының дамуына қосқан жеке үлесін растайтын құжаттар

б) Педагогикалық қызметтің нәтижелілігін көрсететін құжаттар (5 жыл)

в) Педагогтың кәсіби шеберлігіне және жеке тұлғасына берген бағаны анықтайтын құжаттар

3. «Менің жүрегімнің мектебі» тақырыбындағы бейнебаян

4. «Заманауи мұғалім қандай болу керек?» тақырыбындағы эссе

Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес, педагогтың портфолиосы қаралды.

  Байқаудың қорытындысы бойынша шешім шығарылды.

І орын- Копбаева Жанар Ордабековна

ІІ орын- Исрапова Мадина Ахметкалиевна

Мектепішілік байқаудан  І орын алған Копбаева Жанар Ордабековна аудандық байқауға жолдама алды.

Әріптесіміз Копбаева Жанар Ордабекқызына сәттілік тілейміз.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: