Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №3 педагогикалық кеңес
13
январь
2022

№3 педагогикалық кеңес

Бүгін, яғни 13 қаңтар күні Алматы қаласы, № 173 мектеп-лицейінде онлайн форматта 
№ 3 педагогикалық кеңесі болып өтті. 

Тақырыбы: «ҚМЖ дұрыс жоспарлау, сабақты сапалы өткізудің кепілі». Педагогикалық кеңестің басында мектебіміздің директоры Л.М.Байымбетова негізгі күн тәртібімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, бүгінгі болған онлайн жиынға сырттан өзге білікті тұлғалар қатысып, түсіндірме жұмыстарымен тәжірибе алмасты. 

Ары қарай, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары күн тәртібінде көрсетілген өткен тоқсанның үлгерім сапасы мен өзгерістері жөнінде сөз қозғады. Педагогикалық кеңес соңында мектеп-лицей директоры көтерілген мәселелер жөнінде өз шешімін шығарды. 

Алдағы уақытта түрлі бағыттағы кеңейтілген әрі тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары жүзеге асырылады. Тә­жірибелі ұстаздарымыз мен білікті мамандарымыз оқушыларды білім көкжиегінде бәсекеге қабілетті тұлға дайындап шығаратынына үлкен сенім білдіреміз.

Педагогикалық кеңестің қонақтары:
1. Аға оқытушы, тренер Аюпова Н.А.
2. Аға оқытушы, тренер Қыдырбекұлы Ө.
3. Халықаралық құқық қорғау орталығы» Президенті: Жакупов Ж.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: