10
январь
2020
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З.Д.Аманжолова мен кездесу
Бүгін Әуезов ауданының N173 мектеп-лицейінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З.Д.Аманжолованың Алматы қалалық "Ұстаз" жергілікті кәсіподақ активімен және педагогикалық ұжыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Зәуреш Жұманәліқызы мектептің жұмысымен танысып, жүзу үйірмелері мен секцияларында, робототехника мен биотехнологияда шұғылданатын балалармен кездесті. Мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы "Ұстаз" кәсіподақ мүшелерімен жемісті әңгіме өткізді.
Зәуреш Жұманәліқызы "Педагог мәртебесі туралы" Заңмен жұмыс істеу, осы Заңның одан әрі іске асырылуы туралы айтып, осы заңға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ол әзірлену сатысында тұрған басқа да заңдар туралы айтты. Кездесу іскерлік және достық жағдайда өтті.