«Интеллектуалды ізденімпаз» байқауы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Интеллектуалды ізденімпаз» байқауы
28
январь
2022

«Интеллектуалды ізденімпаз» байқауы

Физика пәні онкүндігі аясында 7-сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. «Интеллектуалды ізденімпаз» тақырыбында өткізілген сайыста барлық 7-сынып оқушылары білімдерін ортаға салып, бақ сынасты. 

Мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін,физика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды көпшілік ортада өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

•Сайыстың шарттары:
1.«Бәрін білгім келеді»(ұяшықтарды таңдайды);10 балл
2.«Физика біздің айналамызда»(физикалық жұмбақтар); 15 балл
3.«КІМ ТАПҚЫР!»(логикалық тапсырма); 10 балл

Сайыс нәтижесі:
7 Е - сынып оқушысы Дүйсенбі Сырым -I орын
7 Б - сынып оқушысы Елтай Амина - II орын 
7 В - сынып Алтынбекқызы Алтынай 
III орын 
7 Б - сынып Ақан Айша III орын


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: