Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таңғажайып кітап әлемінде
03
ноябрь
2023
Таңғажайып кітап әлемінде
"Оқуға құштар мектеп"  жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде   «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шара өтілді.
"Менің арманымдағы Қазақстан "
26
октябрь
2023
"Менің арманымдағы Қазақстан "
Көркем еңбек және сурет пәнінен "Менің арманымдағы Қазақстан " тақырыбында суреттер мен қолөнер көрмесі өткізілді. Білім алушылар  құс ұшатын биіктіктен өз аттарына сәйкес келетін әріптермен болашақтың қалашықтарының суретін  салды.
Республика күнімен құттықтаймыз!
25
октябрь
2023
Республика күнімен құттықтаймыз!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі
24
октябрь
2023
Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі
№173 мектеп-лицейде 24.10.2023 жылы Ұлттық мереке Республика күніне арналған “Мәңгілік жаса, қыран елім — Қазақстан!” тақырыбында мерекелік кеші өтті. Іс-шарамыз Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” өлеңімен ашылып, патриоттық әнмен және Республика күніне 33 жыл толуына байланысты тарихи деректерге негізделген арнайы бейне жазба ұсынылды. Іс шараның негізгі мақсаты білім алушыларымызды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге
“9 айға — 9 іс шара” жобасы
24
октябрь
2023
“9 айға — 9 іс шара” жобасы
“9 айға — 9 іс шара” жобасы аясында №173 мектеп-лицейде “Әнұран орындау” айлығы өтіп жатыр. Республика күніне арналған челледж. #гимнказахстана #әнұранорындау
«Өзін -өзі басқару ұйымының» Президентігіне сайлау
21
октябрь
2023
«Өзін -өзі басқару ұйымының» Президентігіне сайлау
19 қазан мектебімізде білім алушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын «Өзін -өзі басқару ұйымының» мүшелерін яғни мектеп Президентігіне сайлау өтті.  Мақсаты: Білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуді қалыптастыру; «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
"Өзін-өзі басқару" ұйымы Президенттігіне үміткерлердің бағдарламасын ұсыну отырысы
17
октябрь
2023
"Өзін-өзі басқару" ұйымы Президенттігіне үміткерлердің бағдарламасын
17 қазан "Өзін-өзі басқару" ұйымы Президенттігіне үміткерлердің бағдарламасын ұсыну отырысы өтті. Мектеп   президенттігіне   барлығы  15  үміткер   тіркеліп, с айлау комиссия мүшелері алдында өз бағдарламаларын ұсынды.  Ұйымның негізгі мақсаты еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге  құштар, елінің  тарихын білетін, тілін, дінін,  әдет ғұрып, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор  да, салауатты, адами құндылықтар  бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау
16
октябрь
2023
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау
16 қазан мектебімізде 5 сынып білім алушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны өтті. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған білім алушыларға ұйымның мақсат,міндеттері түсіндіріліп, туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсімін мектебіміздің директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздарымыз өткізді. Ұйымға қабылданушы білім алушылар ант тапсырып, ұрандарын
"Орыс халық мерекелері"
16
октябрь
2023
"Орыс халық мерекелері"
Филология пәндер кафедрасының онкүндігіне орай мектебімізде 8 сынып білім алушылары арасында сыныптан тыс  "Орыс халық мерекелері" тақырыбында іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушысы Кузембаева Маржан Дүйсенқызы. Шараның негізгі мақсаты орыс халық мерекелері туралы түсінік қалыптастыру; балаларды орыс халық мерекелерінің тарихының ерекшеліктерімен таныстыру; балалардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық мәдениетін дамыту.   
"Мен сенің өміріңнің жалғасымын..."
13
октябрь
2023
"Мен сенің өміріңнің жалғасымын..."
"Мен сенің өміріңнің жалғасымын..." атты әке мен бала арасында іс-шара өтті. Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке бәріне қымбат. Қазақ әкенің тәлімі мен тәрбиесін қадір тұтады. Шараның мақсаты – қоғамдағы әкелердің рухани орнын насихаттау.    Оқушыларға отбасындағы риясыз сүйіспеншілік туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әкеге деген бала махаббатын ояту.