Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы. Кітап біздің досымыз
08
июнь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы. Кітап біздің досымыз
Бүгін 08.06.23ж. оқуға құштар мектеп жобасы аясында тәрбиешілер оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында көптеген ертегі кітаптар,журналдар оқытты.  Балалар оқылған кітап мазмұнын әңгімелеп, түсініктерін айтып, суреттер салды. Сонымен қатар ой өрістерін дамытатын ойындар ойнап, лагерьдегі тағы бір күнді қызықты өткізді.
"Шынықсаң шымыр боласың" спорттық ойындар , сайыстар
07
июнь
2023
"Шынықсаң шымыр боласың" спорттық ойындар , сайыстар
Лагерьдегі бүгінгі күн спорттық ойындарға арналды.  Негізгі мақсат балаларды  салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Таңғы жаттығулармен басталған қызықты күніміз  мектеп бассейнінде шомылып, треннерлердің көмегімен жүзуді үйренумен  жалғасты. Ары қарай оқушылар  әртүрлі спорттық ойын түрлерімен танысып, қызыға ойнап бір күндерінің қалай өте шыққанын білмей қалды.
"Туған жерім, тал бесігім" табиғатқа саяхат сабақ
06
июнь
2023
"Туған жерім, тал бесігім" табиғатқа саяхат сабақ
Бүгін 06.06.23ж. Тәрбиешілермен бірге лагерь қатысушылары  отбасылық саябаққа   топсаяхатқа шықты.  Сыртқа шықпас бұрын балаларды жол ережесімен таныстырып, табиғат аясында өздерін қалай ұстау керектігі  түсіндірілді. Табиғат аясында  оқушылар демалып, түрлі ойындар ойнап, өзара бір-бірірімен жақынырақ танысып жақсы қарым-қатынас орнатты.  
ЛАГЕРЬДЕГІ  АЛҒАШҚЫ КҮН
05
июнь
2023
ЛАГЕРЬДЕГІ АЛҒАШҚЫ КҮН
Бүгін 05.06.2023ж. мектеп–лицей жанындағы  «БАЛДӘУРЕН» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Байымбетова Л.М.  оқушыларға  лагерьде  әр күндерінің қызыққа толы боларлықтай өткізулеріне тілек білдіріп , сәттілік тіледі. Алғашқы күні оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Шараға қатысқан балалармен қатар көрермен болған ата-аналар да ризашылық білдірді.
№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС/2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы
30
май
2023
№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС/2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының
1.2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы                                                                                                                              / Мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова,  әкімшілік /                                  2.2023-2024 жаңа оқу жылының міндеттері                                                                                 /Мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова/ 3.202 2 -202 3  оқу жылының қозғалыс есебі: 1-8, 10 сыныптарды
«Ұша білген қанатқа дүние кең» атты дарынды және талантты оқушылардың және ұстаздардың жыл бойы жеткен жетістіктерімен марапаттау шеруі
26
май
2023
«Ұша білген қанатқа дүние кең» атты дарынды және талантты оқушылардың
Алматы қаласы, Әуезов ауданы №173 мектеп-лицейде  Биіктік- таланттар мен  қанаттылар  мекені. Биіктік пен кеңдікке қол жеткізе алатындар тек ұшқыр ой мен қанаты талмайтын дарын иелері ғана дей отырып «Ұша білген қанатқа дүние кең» атты дарынды және талантты оқушылардың және ұстаздардың жыл бойы жеткен жетістіктерімен марапаттау шеруі болып өтті.(аудандық,қалалық,республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жоба,президенттік олимпиада,«Алтын сақа»,«Зерде»,«Алтынтүлек»,«Әл-Фараби 2023»