"Бесікке салу" дәстүрі
АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ! Мектеп-лицейіміздегі Наурыз шарасындағы "Бесікке салу" дәстүрінен көрініс Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі болып табылады. Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Соның ішінде «Бесікке бөлеу» салт –дәстүрі қазақ халқына тән ұлттық қасиет, қазақтың өте тамаша дәстүрлерінің бірі. Жаңа туылған нәрестені бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады.