«Оқу жоспарының вариативтік бөлігінің, элективті курстардың оқу бағдарламаларын жазу» » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу жоспарының вариативтік бөлігінің, элективті курстардың оқу бағдарламаларын жазу»
03
январь
2024

«Оқу жоспарының вариативтік бөлігінің, элективті курстардың оқу бағдарламаларын жазу»

Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданы «№173 мектеп-лицей» КММ-нде «Оқу жоспарының вариативтік бөлігінің, элективті курстардың оқу бағдарламаларын жазу» атты педагогтерге директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары
Копбаева Жанар Ордабековна семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Оқу бағдарламасында  білім беру мазмұны тұлғаны дамытуға бағытталуын, педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан анықтау.
Міндеттері :
1) Педагогикалық бастаманы оның жаңашылдық дәрежесін, білім берудегі практикалық маңыздылығы бар элективті бағдарлама жасау 
2) Инновациялық қызметтің аралық және негізгі нәтижелерін талдау
Осы семинарда Оқу бағдарламасының, элективті курстың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар туралы айтылды. Оқу бағдарламасы – әр оқу пәні бойынша мазмұнын меңгеруге қажетті білім, білік және дағдылар көлемін, сонымен қатар тараулар мен тақырыптарды оқу жылы бойынша бөлуді анықтайтын құжат. Бұл – мұғалім мен оқушы қызметіне бағыт беретін нормативтік құжат. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ашып қана қоймай, оқу үдерісін және оның нәтижелерін реттейді.
Бағдарлама құрылымы:
1. Түсініктеме хат.
2. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім.
3. Нормативті бөлім.
4. Ақпараттық-әдістемелік бөлім.
5. Оқытуды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.
6. Мұғалім мен оқушыға арналған қолданылатын әдебиеттер тізімі.
7. Қосымша.
Оқу бағдарламаларын дайындау  тәртібі бойынша әдістемелік көмек берілді. Білім беру саласындағы өзекті мәселені шешуде  оқу бағдарламаның маңыздылығы және мазмұны, құрылымының жаңашылдығы және өзектілігімен ерекшеленетіндігін атап өтті. Семинар соңындағы кері байланыста мұғалімдер өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Қатысушылар алған білімдерін болашақта  оқу бағдарлама жасауда қолдана алады.
Жазба авторы: Ж.О.Копбаева

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: