«Үздік педагог-2021» байқауы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік педагог-2021» байқауы
16
апрель
2021

«Үздік педагог-2021» байқауы

  1. Осы «Үздік педагог» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Үздік педагог» атағын беру тәртібін айқындайды. Алматы қаласы, Әуезов ауданы бойынша жіберген «Үздік педагог»  байқауының ережесін әдістемелік кеңесте талқылай отырып,  мектепішілік байқау ұйымдастырылды. Мектепішілік  «Үздік педагог» байқауына  Нурбекова Рапия Саттарбековна орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Кабдиева Гаухар Вильдановна тарих пәнінің мұғалімі,Сымағұл Ғанибат физика пәнінің мұғалімі қатысты.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деп жырлағандай ұстаз   бола білу, мәртебесін қастерлеп құрметтей білу-әр педагог қызметкердің борышы. Мұғалімнің мәртебесін көтеру мақсатында мемлекетіміз осындай байқаулар ұйымдастыруда. 

Мектепішілік «Үздік педагог-2021» байқауына 3-педагог өтінім тастап, 3 педагогтың портфолиосы мен сабағы қаралды. Мектепішілік «Үздік педагог-2021» байқауына қатысушылардың портфолиосы төменде көрсетілген критерийлерге сәйкес бағаланды

  1. Педагогикалық қызметтің нәтижелігін көрсететін құжаттар:
  2.  Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дәлелдейтін құжаттар:
  3. Педагогтың шығармашылық және зерттеу жұмыстарын көрсететін құжаттар:
  4.  Педагогтың кәсіби шеберлігіне және жеке тұлғасына берген бағаны анықтайтын құжаттар:
  5. Педагогтың білім саласының дамуына қосқан жеке үлесін растайтын құжаттар
  6. Үш педагог қызметкерлер сабақтарын онлайн түрінде өткізді. Қорыта келе, «Үздік педагог» байқаудың қорытындысы бойынша шешім шығарылды
  7. І орын- Кабдиева Гаухар Вильдановна
  8. ІІ орын- Нурбекова Рапия
  9. ІІІ орын- Сымағұл Ғанибат

Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін  І орынды иеленген Кабдиева Гаухар Вильдановнаның  Әуезов аудандық бөліміне электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады.

       1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа 

қатысуға арналған өтінім;

2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс; 

  3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді,  ұсыныс;

6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

 8) эссе;

9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға  сәйкес бейнеролик. 

       Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша өткізілетін «Үздік педагог-2021»   аудандық байқауына  жолдама алған Кабдиева Гаухар Вильдановнаға шығармашылық табыс тілейміз.    

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: