№4 Педагогикалық кеңес » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 Педагогикалық кеңес
19
март
2022

№4 Педагогикалық кеңес

№4 Педагогикалық кеңес 
 Тақырыбы: «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы»


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасына сараптама                             

Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-психолог У.Б. Толешова 
2. Нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестік, педагогикалық кеңестің шешімдері мен ұсыныстарын орындау барысында мектепішілік бақылауға алынған 8 “Ғ”, 7 “Д” сыныптармен жүргізілген жұмыстардың қорытындысы
ДОІЖО  Г.И. Дарменбекова
3. 2-11 сыныптардағы ІІІ тоқсан бойынша үлгерім, сапа көрсеткіштері         

ДОІЖО Г.У. Сатымбаева, Г.В. Кабдиева
4. ІІІ тоқсан бойынша сапаны көтеруге байланысты алынған әкімшілік тест жұмысына сараптама
ДОІЖО Г.В. Кабдиева
5. ІІІ тоқсандағы оқу-тәрбие, мектепішілік жүргізілген жұмыстардың қорытындысы
ДОІЖО Г.У. Сатымбаевна, Г.И. Дарменбекова
6. Ағымдағы мәселелер


Педагогикалық кеңестің шешімі:
1.Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру бойынша берілген білімді қалалық онлайн семинарға қатысу арқылы тәрбие тұжырымдамасын бекіту және жаңа оқу жылында іске асыру жоспарлансын.
2.7 “Д”, 8 “Ғ” сыныптары бойынша жүргізілген мектепішілік бақылау жұмысы “қанағаттанарлық” болып танылсын. 
3.III тоқсанның үлгерім, сапасын негізге ала отырып аталған сыныптар мектепішілік бақылауға алынсын. 
4.Сапаны арттыруға арналған тестіні одан ары қарай жалғастыру, яғни функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында 4 тоқсанда пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізу оқу ісі орынбасарлары Г.В. Кабдиева, Г.И. Дарменбековаға, Ж.О. Копбаева және Г.Б. Телғозыға міндеттелінсін.
5.III тоқсан бойы атқарылған оқу-тәрбие жұмысы қанағаттанарлық болып табылып, 9,11 сыныптар мен 4 сыныптардың қорытынды аттестаттау мен орта буынға өту дайындығы мектепішілік бақылауға алынсын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: