06
март
2023
“Білім беру мен тәрбиенің заманауи тұжырымдамасын жаңғыртудағы өнер пәндерінің рөлі" қалалық семинар
Мектебімізде “Білім беру мен тәрбиенің заманауи тұжырымдамасын жаңғыртудағы өнер пәндерінің рөлі" атты қалалық семинар өткізілді. Семинар аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұхаметқалиев Қайрат Мухметьянович Ұлы мұра ұлттық қолөнер тақырыбына шеберлік сабағын өткізіп, ұлттық ою- өрнекті қолдана отырып өзі авторы болып табылатын,жарты сағаттың ішінде аяқталған мағыналы сурет салудың әдісімен бөлісті. Семинарға қатысушылар аталған әдіспен басым көпшілігі аяқталып салынған жұмыстарын көрсетіп, жоғары бағаларын берді.



