Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғылыми жобаларды дайындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру"
12
октябрь
2023
"Ғылыми жобаларды дайындау арқылы оқушылардың функционалдық
Мектебімізде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Орыс тілі филологиясы" кафедрасының доценті Сансызбаева Сандуғаш Қыдыралиевна  "Ғылыми жобаларды дайындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында ұстаздарымызға дәріс өтті. 
Мектепішілік ұлдар жиналысы
11
октябрь
2023
Мектепішілік ұлдар жиналысы
  11 қазан №173 мектеп-лицейінде 6-7 сынып білім алушылары арасында мектепішілік ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа мектебіміздің инспекторы Анаркулова Д.Е. қатысып, ер балалар арасында  зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да,
Құттықтаймыз!
10
октябрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің 1 Ә сынып білім алушысы Жұмасай Ақжүрек, Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ұйымдастырған "ЖАС ДАРЫН" атты байқауда "Көркем сөз" аталымы бойынша 1 орын иеленді. Шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз! 
"Тіл-ең асыл құндылық!"
09
октябрь
2023
"Тіл-ең асыл құндылық!"
9-19 қазан аралығында филологиялық пәндер кафедрасының онкүндігі басталды. Онкүндіктің негізгі мақсаты білім алушылардың тілдік қарым-қатынас пен мәдениетті сақтау үшін құнды байлық қазына ретіндегі маңыздылығын түсіндіру. Білім алушылардың тілдік қабылдауды қалай қалыптастыратынын және жеке адам мен қоғамға әсер ететінін талдау арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Білім алушылардың тілдің құндылығы мен жан-жақтылығын тереңірек түсінуге ықпал ететін,тілдік қолдану мен мәнерлендіруді
Құттықтаймыз!
06
октябрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің 10 В сынып білім алушысы Әліпбек Жәңгір Телжанұлы  Греция мемлекетінде өткен ММА бойынша әлемдік чемпионатынан 2 орын иеленді! Чемпионымызды шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!
"Кітап өмір ұстазы" байқауы
06
октябрь
2023
"Кітап өмір ұстазы" байқауы
Мектебімізде 5-6 сынып білім алушылары арасында оқуға құштар жобасын жандандыру аясында "Кітап-өмір ұстазы" атты байқау өтті. Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханамен байланысты нығайту, рухани азық алуға бағыт-бағдар беру, әр кейіпкер арқылы адамгершілікке, ақылдылыққа, имандылыққа, мейірімділікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
«Жарқын жүзді ұстазым!»
05
октябрь
2023
«Жарқын жүзді ұстазым!»
5-қазан күні мектебіміздің 11 сынып түлектері «Жарқын жүзді ұстазым!» атты ұстаздарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырды. Кешіміз  Ляйла Мухаметжановна ның ізгі тілегімен басталып, төл мерекеміз «Ұстаздар күніне» орай ұстаздарымызға қалалық, аудандық және мектепішілік алғыс хаттары табысталды. №173 мектеп-лицей қабырғасында білім берген ардагер ұстаздарымыз да кешке шақырылып, ол кісілерге арналған гүл шоқтары табыс етілді. Іс шараның негізгі мақсаты  ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор
Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезіне қатысты
05
октябрь
2023
Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезіне қатысты
Ағымдағы жылдың 5 қазан күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқавтың қатысуымен Ақордада Республикалық педагогтер сьезі өтті. Ел президенті бұл жиынның маңыздылығын айта отырып, ұстаздың – ең қадірлі мамандық екенін баса көрсетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына үлес қосып жүрген әрбір саланың мамандарын маман етіп тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ол – ұстаздар. Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» болатын Елімізде соңғы он
Айтыс – халықтың  айнасы
04
октябрь
2023
Айтыс – халықтың айнасы
Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының  иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Өнертану ғылымының магистрі, Халықаралық, республикалық  айтыстардың жүлдегері, сегіз қырлы, сал сері ақын - Серік Қалиев  Әкірамұлы, аудандық оқу бөлімінің әдіскері  Гулнар Жунисбековнамен мектебімізде кездесу өтті. Серік Әкірамұлы білім алушылармен тілдесіп, білім алушыларымыздың қолқа салуымен әнін
Нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс
27
сентябрь
2023
Нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс
Жастар мен жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматы қаласы полиция Депaртаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Көбеев Дәурен Асқарұлы және психиатр-нарколог дәрігер Трубникова Анна Александровна келіп, 27 қыркүйек күні  9-10 сынып білім алушыларына дәріс өткізді. Дәрісте есірткі,нашақорлықтың зияны туралы айтылып,білім алушылармен сұрақ-жауап алмасты.